05.12.2008, 18:41 2899

Байқоңырдан 2009 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылым ақпан айына белгіленген

Байқоңырдан 2009 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылым ақпан айына белгіленген

Байқоңыр. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан 2009 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылым ақпан айына белгіленген, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы ұшырылымдардың жоспары толық бекітілген жоқ. Бірақ қаңтарда ұшырылым жасалмайтын қазір белгілі. 2009 жылдың ақпан айының бірінші жартысында ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыранымен "Прогресс М-66" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипажына арналған жүкті алып ұшады.

"Прогресс" жүк кемесінен кейін Жер маңындағы орбитаға Ресейдің екі жер серігі - "Экспресс АМ-44" мен "Экспресс-МД1" ұшырылады.

""Протон-М" зымыраны мен "Бриз-М" үдеткіш блогын "Экспресс АМ-44" және 1 "Экспресс-МД1" байланыс жер серіктерімен қоса ұшыру да 2009 жылғы ақпанға межеленген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны