14.02.2008, 15:24 2682

Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 15-наурызда ұшатын болды

Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 15-наурызда ұшатын болды

Байқоңыр. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 15-наурызға белгіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының дайындық жұмыстары басталып кетті. Ұшу уақыты 15-наурызға белгіленді.

М. Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыш айлағына 13-ақпан күні жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышының бөліктерін вагондардан шығаруға кірісті.

15-ақпан күні ғарыш айлағына "АМС-14" жер серігі жеткізіледі деп күтіліп отыр. сондай-ақ, жақын уақыттарда Байқоңырға жер серігін орбитаға алып шығуға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілмек.

"АМС-14" ғарыш аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасаған. Жер серігі Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етпек. "АМС-14" 15 жыл пайдалануға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны