12.02.2010, 09:37 8191

Байқоңырдан американдық Intelsat-16 ғарыштық аппаратын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды

Байқоңырдан американдық Intelsat-16 ғарыштық аппаратын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Байқоңырдан бүгін Астана уақытымен сағат 06.40-та американдық Intelsat-16 ғарыштық аппаратын алып "Протон-М" зымыраны мен "Бриз-М" үдеткіш блогы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл - "Протон" зымыранының 2010 жылғы бірінші коммерциялық ұшырылымы.

Телекоммуникациялық Intelsat-16 ғарыштық аппаратын американдық Orbital Sciences Corporation компаниясы Intelsat халықаралық спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша жасаған. Жер серігін Бразилияның және жартылай Мексика мен Венесуэланың аумағына тікелей хабарлар тарату үшін пайдалану жоспарлануда. Ғарыштық аппаратты пайдалану мерзімі - 16 жыл.

"Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ұшырылымды жүзеге асыру туралы шартқа АҚШ пен Ресейдің бірлескен кәсіпорны - International Launch Services, Inc. (ILS) компаниясы қол қойған. ILS компаниясы акцияларының бақылау пакетіне "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогының жобасын жасап өндіруші - М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы ие болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны