18.05.2012, 10:11 16512

Байқоңырдан байланыс серігі бар "Протон-М" зымыран-тасымалдағышы ұшырылды

Зымыран "Нимик-6" телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын орбитаға шығару үшін арналған, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - 17 мамыр күні мәскеу уақыты бойынша сағат 23:12-де Байқоңыр ғарыш айлағы 81-інші алаңының ұшу кешенінен зымыран-ғарыштық өнеркәсіптік кәсіпорындардың есептеулерімен "Бриз-М" үдеткіш блогы бар "Протон-М" зымыран-тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Зымыран "Нимик-6" телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын орбитаға шығару үшін арналған, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Ұшу циклограммасына сәйкес құрамында "Бриз-М" үдеткіш блогы және "Нимик-6" ғарыштық аппараты бар бас блок зымыран-тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық түрде ажырады, осыдан кейін үдеткіш блок ғарыштық аппаратты мақсатты орбитаға шығаруды жалғастырды.

Ғарыштық аппараттың екпінді блоктан ажырауы 18 мамыр күні мәскеулік уақыт бойынша сағат 8:26-да жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны