17.04.2007, 13:35 3093

Байқоңырдан "Днепр" зымыран-тасығышы 14 жер серігін алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Астана уақытымен 12 сағат 46 минутта Байқоңырдан "Днепр" зымыран-тасығышы 14 жер серігін алып ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Днепр" зымыран тасығышының бұл 2006 жылдың шілдесінде апатқа ұшырауына байланысты Қазақстанның мораторий жариялауынан кейінгі бірінші ұшырылымы болмақ. Ол кезде зымыран тасығыштың ұшырылымы сәтсіз аяқталып, 18 шағын жер серігі, соның ішінде Беларусь елінің "БелКА" атты бірінші ғарыштық аппараты апатқа ұшыраған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, №109 алаңнан "Днепр" зымыран-тасығышымен "EgyptSat" және "SaudiSat-3" ғарыштық аппараттарын, "SaudiComSat" сериялы бес жер серігін, жеті университеттік "CubeSat" микроспутниктері бар "P-Pod" үш контейнерін алып ұшуға арналған.

Ұшырылым 27-наурызға межеленген болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты ол 17-сәуірге шегерілді. Мемлекеттік комиссия анықтағанындай, зымыран сынақтарының ақырғы кезеңінде 14 жер серігі бар басқы бөлігін орнатқаннан кейін диагностикалық жүйе үдеткіш сатсының телеметриялық кабельді желісінен ақау тапты. Ақаулы кабель ауыстырылған соң ұшырылымға дайындық жұмыстары қалыпты режимде одан әрі жалғасты.

"SaudiSat-3" жер серігі жер қабатының суретін түсіру мен зонд жүргізуге, көлік ағынын бақылауға және абсқа да азаматтық мақсаттарда пайдалануға арналған. "SaudiComSat" аппараттары сателлиттік жер серіктері тобын құруға және ғарыш байланысы қызметін көрсетуге, сигналды ретрансляциялау мен арнайы передатчик орнатылған көлік құралдарының жүрген жерін бақылап отыруға арналған. "EgyptSat" жер серігі жер бетіне кешенді зерттеулер мен мониторинг жүргізуге бағытталған. Жер серіктері 5-7 жыл қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны