14.12.2009, 18:17 4477

Байқоңырдан "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блогын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды

Байқоңырдан "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блогын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блогын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астана уақытымен сағат 16.38-де "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блогын және "ДМ" үдеткіш блогын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды. Бұл "Протон" зымыран тасығышының мерейтойлық 350-ші ұшырылымы.

Үш бірдей "Глонасс-М" ғарыш аппараты Ресейдің Железногорск қаласындағы академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ресейлік ГЛОНАСС навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны