24.04.2008, 16:38 3132

Байқоңырдан Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының бүгінге межеленген ұшырылымы бір тәулікке кейінге шегерілді

Байқоңырдан Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының бүгінге межеленген ұшырылымы бір тәулікке кейінге шегерілді

Байқоңыр. 24-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының бүгінге межеленген ұшырылымы бір тәулікке кейінге шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 25-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен сағат 11.00 ұшыру межеленген.

Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан ұшыру мерзімін кейінге шегеру туралы шешім бүгін ұшырылым жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Ұшырылымды кейінге шегерудің техникалық себептері жайлы айтылмайды.

Ғарыш айлағының мамандары ұшу циклограммасының бұзылу себптерін анықтауда. Бағдарламаға сәйкес ұшырылым 25-сәуір - резервтегі күнге межеленді.

Байқоңырдан "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылымы бірінші рет жасалады. Оның ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны