25.07.2007, 13:51 2866

Байқоңырдан мерейтойлық "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады

БАЙҚОҢЫР. 25 шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырдан мерейтойлық "Прогресс М-61" жүк кемесі Циолковскийдің суретін алып ұшады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жүк кемесінің бас обтекателіне ғарыштану теориясының негізін қалаушы-ғалым К.Э.Циолковскийдің суреті орнатылады. 5-қыркүйекте ғалымның 150 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Бұл 2007-жылы ұшырылған екінші мерейтойлық "Прогресс" болмақ: былтыр қаңтар айында "Прогресс М-58" жүк кораблінің ұшырылымы конструктор С.П. Королевтің 100 жылдығына арналған болатын. Онда да жүк кемесінің бас обтекателіне зымыран техникасының негізін қалаушының суреті орнатылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №31 алаңның жанармай құю станциясында "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ компоненттерін құю аяқталды. Бүгін таңертең "Прогресс" №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, арнаулы стендке қойылды.

Алдағы тәуліктерде "Прогресс" жүк кемесінде ақырғы сынақтар жүргізіліп, сенбіде "Союз-У" зымыран тасығышымен түйістіру үшін бас обтекатель дайындалады.

"Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны