05.10.2006, 18:46 3272

Байқоңырдан "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз- 2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға белгіленді

БАЙҚОҢЫР. 5-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз- 2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға белгіленді . Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Мемлекеттік комиссияның отырысында "Союз- 2.1а" зымыран тасығышын 17-қазанға белгілеу ұйғарылды. Метеорологиялық жер серігін жасаушы шетелдіктер оны тексеріп шығып, аппаратқа айтарлықтай ақау келмеген деп тапты. Ұшырылым 17-қазанға белгіленді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа зымыран тасығыш шілдеде ұшырылуға тиіс болатын. Алайда, бағдарламалық қамтамасыздыққа қатысты ақаудан кейін оны қайта бөлшектеп зауытқа жіберген. Қыркүйекте зымыран ғарыш айлағына қайтадан жеткізілді.

Жаңа "Союз- 2.1а" зымыран тасығышы сандық есептік техникамен жабдықталған, телеметрия жүйелері жаңартылған. Зымыран тасығыш жер орбитасына дүниежүзіндегі ең қуатты еуропалық "Метоп" метеорологиялық жер серігін шығаруға тиіс. "Метоптың" технологиялық жабдықтары Жер бетінің температурасы мен ылғалдылығын жоғары дәлдікпен өлшеуге, сондай-ақ, ауадағы озан деңгейі мен мұхиттың үстіндегі ауа ағынын қадағалауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны