19.10.2006, 09:41 2930

Байқоңырдан "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз" зымыран тасығышының ұшырылымы тағы да бір тәулікке кейінге шегерілді

БАЙҚОҢЫР. 19-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан "Метоп" ғарыш аппаратын алып ұшуға тиіс "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы тағы да бір тәулікке кейінге шегерілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Роскосмос" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Еуропаның метеорологиялық "Метоп" ғарыш аппаратын алып ұшуға тиіс "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы 19-қазанға 22 сағат 28 минутқа белгіленді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұшырылымды кейінге шегеруге күн райы себеп болған. "Шектеулі қауіпсіздік нормасынан арта қатты жел соғуға байланысты ұшырылым кейінге қалдырылды".

Еске сала кетейік, "Союз- 2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға Астана уақытымен 22 сағат 28 минутқа белгіленген болатын. "Алайда, зымыран-тасығышты ұшыруға екі минут қалғанда циклограмма істен шықты",- деп хабарлады "Роскосмос". Мамандар бір тәулікте техникалық ақаудың себептерін анықтап, зымыранның үшінші сатысының блогында датчик істемей қалғанын біліп ақауды жойды. Зымыран тасығыш резервті уақыт - 18-қазанда ұшырылады деп күтілген.

"Союз- 2.1а" зымыран тасығышының бұған дейінгі ұшырылымдары да зымыранның бағдарламалық қамтамасыздығындағы ақауларға байланысты іске аспай қалған. Мамандар осы тектес ақаумен "Союзды" 2004-жылдың қараша айында Плесецк ғарыш айлағынан ұшыруға жасалған әрекет кезінде де тап келді. Сол кезде ұшырылым үш мәрте кейінге шегеріліп, артынан зымырандағы аақаулар жойылып, жаңа "Союз" Плесецк ғарыш айлағынан табысты ұшырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны