03.02.2010, 10:44 3625

Байқоңырдан "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі мен "Союз-У" зымыраны сәтті ұшырылды

Байқоңырдан "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі мен "Союз-У" зымыраны сәтті ұшырылды

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін Астана уақытымен сағат 09.45-те Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ("Гагарин старты") алаңынан Ресейдің зымыран-ғарыштық саласы кәсіпорындарының мамандары "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышын сәтті ұшырды".

Зымыран тасығыштың үшінші сатысы бөлінгеннен кейін "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі Жердің жасанды серігі орбитасына шығарылды.

"Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 5 ақпанда сағат 07.26-да түйіседі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны