10.09.2010, 18:38 27746

Байқоңырдан "Прогресс М-07М" жүк кемесі ұшырылды

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16.22-де "Байқоңыр" ғарыш айлағының №31 алаңынан "Прогресс М-07М" жүк кемесі орнатылған "Союз-У" зымыраны Халықаралық ғарыш стансасына аттанды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Байқоңыр. 10 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16.22-де "Байқоңыр" ғарыш айлағының №31 алаңынан "Прогресс М-07М" жүк кемесі орнатылған "Союз-У" зымыраны Халықаралық ғарыш стансасына аттанды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ресейғарыш" және "Қазғарыш" агенттіктерінің жедел қызметтерінің хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті. Зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы ажырағаннан кейін, "Прогресс М-07М" жүк кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылды.

Ұшу сапарларын басқару орталығының баллистикалық қызметінің нақтыланған мәліметтері бойынша, "Прогресс" Халықаралық ғарыш стансасымен қыркүйектің 12-сінде мәскеу уақыты бойынша сағат 15.58-де түйіседі деп жоспарлануда.

"Прогресс М-07М" жүк кемесі орбитаға 2,5 тоннадан астам жүк, атап айтқанда, отын, оттегі, су қорларын, ғарышкерлердің Жердегі туған-туыстарының сәлем-сауқаттарын, стансаның американдық сегментіне және ашық ғарышта жұмыс істеуге арналған жабдықтарды, сондай-ақ азық-түліктерді, медициналық жабдықтарды, киім-кешектерді, тазалық заттарын, стансаның ресейлік модульдарын жарақтауға арналған жабдықтарды жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны