28.10.2010, 14:15 11232

Байқоңырдан "Прогресс М-08М" жүк кемесі ұшырылды

Байқоңырдан "Прогресс М-08М" жүк кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қазан. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Прогресс М-08М" жүк кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"27-қазан күні сағат 21.19 "Байқоңыр" ғарыш айлағының Гагариндік ұшу алаңынан "Прогресс М-08М" жүк кемесі орнатылған № 123 "Союз-У" зымыраны сәтті ұшырылды. Зымыранды ұшыру штаттық бағдарлама бойынша өтті",- деп айтылған ТЖМ хабарламасында.

Баспасөз қызметі сондай-ақ, ұшырылымға байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ШҚО, Қарағанды, Қызыорда және Павлодар облыстарының ТЖД апаттық-құтқару күші мен құралдары күшейтілген дайындық режимінде болғандығын атап өтті.

Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасына сәйкес, "Прогресс М-08М" станцияға 2500 кг астам жүк, атап айтқанда отын, ғылыми және борт жабдықтарын, азық-түліктер, экипаж үшін ауа мен су, басқа да материалдар жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны