15.01.2008, 11:36 1459

Байқоңырдан "Прогресс М-63" жүк корабілінің ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылды

Байқоңырдан "Прогресс М-63" жүк корабілінің ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылды

Байқоңыр. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмос" өкілінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Ұшырылым уақытын өзгерту себебі "Прогресс М-63" жүк кемесі мен Atlantis шаттлының ұшырылу уақыттары сәйкес келіп қалған. Бір күнде екі ұшырылым бола алмайды. Себебі, Халықаралық ғарыш станциясына тек бір ғана ғарыш аппараты түйістіріле алады. Сондықтан, "Роскосмос" "Прогресс М-63" зымыран тасығышының ұшырылу мерзімін өзгерту туралы америкалық NASA ұсынысын қабыл алды.

"Прогресс М-63" жүк кемесімен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылуы 5-ақпан Астана уақытымен 19.03-ке белгіленді.

Өзгертілуге байланысты жүк кемесі мен зымыран тасығыштың ғарыш айлағындағы дайындық кестесі де өзгеріске ұшырады. Ғарыш айлағының мамандарының ойынша, соған қарамастан, кестенің өзгеруі ғарыш кемесі мен зымыран тасығыштың ұшырылуға дайындық жұмыстарының тиімділігіне еш әсер етпейді.

"Прогресс М-63" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдықтар мен жанармай жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны