26.12.2006, 10:44 2648

Байқоңырдан "Протон-К" зымыран-тасығышы мен ДМ үдеткіш блогы Ресейдің үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағының 81-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында Астана уақытымен 2 сағат 18 минутта "Протон-К" зымыран-тасығышы мен ДМ үдеткіш блогы Ресейдің ГЛОНАСС жүйесіне енетін ғаламдық навигациялық жүйесін толықтыруға арналған үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшты. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Роскосмос агенттігінен хабарлады.

"Глонасс-М" жер серіктері мен "Протон-К" зымыран-тасығышын Роскосмостың ұшырылым командасы Ғарыштық әскерилердің қолдауымен № 81 алаңның №24 ұшырылым қондырғысынан ұшырды.

Бұл "Протон-К" зымыран-тасығышының Федералдық "Ғаламдық навигациялық жүйе" мақсатты бағдарламасының аясында осымен үшінші ұшырылуы.

Ресейдің ГЛОНАСС жүйесіне енетін ғаламдық спутниктік навигациялық жүйесі РФ қорғаныс министрлігінің мүддесі мен азаматтық тұтынушылардың мүддесіне жататын міндеттерді шешуші қос мақсатты жүйе.

ГЛОНАСС орбиталық тобы спутниктік навигациялық (орынды, қозғалыс жылдамдығын, сондай-ақ, нақты уақытты анықтау) қызметтер көрсетуге бағытталған. Ол жерде, теңізде, әуеде және ғарышта орын тепкен отандық және шетелдік тұтынушыларға кең көлемде қызмет көрсетеді.

ГЛОНАСС бағдарламасы аясында алғашқы жер серігі 1982-жылдың 12-қазанында "Протон-К" зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылды. ГЛОНАСС жүйесі ресми түрде пайдалануға 1993-жылдың қыркүйегінде қабылданды. ГЛОНАСС бағдарламасында 24 шатты ғарыштық аппараттардан әрбіреуінде 8 аппараттан үш орбиталық жазықтықта орбиталық топ құру көзделген.

"Глонасс-М" - ГЛОНАСС тобына жататын ғарыштық апппаратардың жетілдірілген үлгісі. Ғарыштық аппараттың салмағы 1450 килограмм, белсенді жұмыс істеу мерзімі -7 жыл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны