03.12.2007, 18:06 3186

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген

Байқоңыр. 3- желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" жер серігін алып 9 желтоқсанда ұшырылады деп межеленген, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыш айлағында "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бүгін жанармай құю бекетінде Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Бриз-М" үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығаруға дайындалады.

Ұшырылым алдындағы дайындақтарды тікелей ұшырылым кешенінде одан әрі жалғастыру жөніндегі шешімді 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексере бастайды.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны