06.09.2007, 09:51 1427

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырған кезде апат болып, зымыран Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады

Бүгін түнде Бақоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек . БАЙҚОҢЫР - АСТАНА. Бүгін түнде Бақоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, "зымыран тасығыш Жезқазғаннан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерге құлаған".

Қазір Байқоңырда апаттың себептерін зерттеу және зымыран тасығыш құлаған аумақты зерттеу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Орталықтың хабарлауынша, бұл "Протонның" 1999-жылғы ұшырылымнан кейінгі алғашқы апаты, ол кезде Қарағанды облысына екі "Протон" құлаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Протон" зымыран тасығышы ғарыштық орбитаға Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсететін JCSAT-11 ғарыштық аппаратын шығаруға тиіс еді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны