02.09.2010, 14:28 13600

Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федеральдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федеральдық ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін мәскеу уақытымен сағат 04.53.50 (астана уақытымен 06.53.50) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" ракета тасымалдағышымен "Глонасс" ғарыш аппараты ұшырылды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен ақпараттарына сүйенсек, ұшырылуға байланысты болуы мүмкін салдарды жою үшін, қыркүйектің 2-сі 04 сағат 54 минуттан 07.54-ке дейін ТЖМ-ның Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің жеке құрылымдары мен апаттық-құтқару қызметтері жоғары дайындық режімінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны