06.05.2008, 19:18 3055

Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын "Бриз -М" үдеткіш блогымен бірге ұшырылымы қайта жүзеге асырылады

Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын "Бриз -М" үдеткіш блогымен бірге ұшырылымы қайта жүзеге асырылады

Байқоңыр. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын "Бриз -М" үдеткіш блогымен бірге ұшырылымы қайта жандандырылатын болады. Бұл туралы журналистерге "Роскосмос" жетекшісінің орынбасары Юрий Носенко құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның сөздері бойынша "Бриз-М" апат салдары анықталып қалпына келтірілді, сондықтан "Протон-М" зымыранының "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге ұшырылымын жасауға ешқандай кедергі жоқ.

"АМС-14" американдық жер серігін геостационарлық орбитаға шығару кезінде "Протон" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогындағы ақаулықтарға байланысты сәтсіздікке ұшыраған. Штаттан тыс жағдайға орай олардың ұшырылымы наурыз айында тоқтатылды.

Мемлекеттік комиссияның жасаған тергеулері нәтижесінде анықталғанындай, "АМС-14" ғарыш аппаратын шығару кезінде "Бриз-М" үдеткіш блогының қозғалтқыштары уақытынан бұрын тоқтап қалуына екінші қосылу кезінде турбосораптық агрегат турбинасына генераторлық газы берілетін құбырдың ашылуы себеп болған. Мамандардың берген қорытындылары бойынша, құбырлардың ашылуына құбыр қабырғалардың эрозияға ұшырап, газ генераторындағы аса жоғары температураның және газ трактісінде төмен жиіліктегі пусльсацияның ұзақ уақыт болуы әсер еткен".

Комиссияның тергеу қорытындылары бойынша, ғарыш аппаратын құрастырушыларға жоғары температуралық газоводты жетілдіріп, оның штаттық жағдайында қозғалтқыштың ұзақ уақыт бойы жұмыс режимінде төзімділігін жоғарлату жөнінде ұсыныс жасалды.

"Бриз-М" үдеткіш блогы жетілдірілгеннен соң ол қайта пайдаланылатын болады.

Байқоңырдағы жоспарланған ұшырылымдар кезегінде "Протон-М" ЗТ Inmarsat 4F3 ұлыбританияның жер серігімен тұр. Изірге олардың ұшырылым уақыты мен күні анықталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны