09.04.2010, 10:28 7577

Байқоңырдан РС-20 зымыран тасығышы "КриоСат-2" ғарыштық аппаратын алып сәтті ұшырылды

Байқоңырдан РС-20 зымыран тасығышы "КриоСат-2" ғарыштық аппаратын алып сәтті ұшырылды

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Байқоңыр ғарыш айлағынан 2010 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен сағат 19.57 -де РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыран тасығышы "КриоСат-2" ғарыштық аппаратын алып сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "КриоСат-2" ғарыштық аппараты үдеткіш сатыдан қалыпты режимде мәскеу уақытымен сағат 18.13-те бөлінді.

"КриоСат-2" ғарыштық аппаратын "Eads Astrium" (Германия) компаниясы жасаған, тапсырыс беруші - Еуропалық ғарыш агенттігі. "КриоСат-2" ғарыштық аппараты Жерді зерттеуге бағытталған кешенді ғылыми бағдарламаларға: құрлықтар мен мұхиттардың мұз қабатындағы өзгерістерді бақылауға, ауа райы мен теңіз деңгейінің өзгерістерін болжауға арналған. "КриоСат-2" ғарыштық аппараты 3,5 жыл қызмет етеді деп есептелген.

Барлығы РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыран тасығышы 160-тан астам рет ұшырылды. Соның ішінде "Днепр" бағдарламасы бойынша 13 ұшырылым жүзеге асырылды, соның нәтижесінде Ұлыбритания, Италия, Сауд Аравиясы, Малайзия, Германия, АҚШ, Франция, Жапония, Египет, Колумбия мен Таиландтың 51 ғарыштық аппараты орбитаға шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны