29.06.2009, 14:30 2692

Байқоңырдан "Сириус-ФМ-5" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы белгіленген уақытта ұшырылады

Байқоңырдан "Сириус-ФМ-5" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы белгіленген уақытта ұшырылады

Алматы. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Сириус-ФМ-5" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы белгіленген уақытта ұшырылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышымен американдық "Сириус-ФМ-5" (Sirius FM5) телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар кестеге сәйкес одан әрі жалғасуда. Қазір ғарыш айлағында үшінші ұшырылым күнгі кесте бойынша дайындықтар жүргізіліп жатыр.

"Протон-М" зымыраны "Бриз-М" үдеткіш блогымен және АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігімен бірге 2009 жылдың 30 маусымында Мәскеу уақытымен сағат 23.10-да ұшырылады деп жоспарланған.

Sirius FM5 аппаратын "Лорал" (Space Systems Loral) компаниясы АҚШ-тың "Сириус-Радио" (Sirius XM Radio Inc) операторының тапсырысы бойынша LS-1300 платформасының негізінде жасап шығарған. Жер серігі телекоммуникациялық қызмет көрсетіп, геостационарлық орбитада 15 жыл жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны