16.09.2009, 10:03 1520

Байқоңырдан "Союз-2" зымыран тасығышы мен "Метеор-М" жер серігін ұшыру кейінге шегерілді - Роскосмос

Байқоңырдан "Союз-2" зымыран тасығышы мен "Метеор-М" жер серігін ұшыру кейінге шегерілді - Роскосмос

Байқоңыр. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырдан Ресейдің "Метеор-М" жер серігі мен бес шағын жер серігі "Союз-2" зымыран тасығышымен ұшыру күн райының қолайсыздығына байланысты резервтегі күнге кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роскосмостың хабарлауынша, ұшырылым бүгінге дәл сол уақытқа межеленген.

"Метеор-М" жер серігінің салмағы 2700 килограмм, ол 830 шақырымдық биіктіктен метеорологиялық ақпаратты жердегі станцияларға беруге арналған. "Метеор-М" ғарыштық аппараты 5 жылдық жұмысқа есептелген. "Метеор-М" жер серігі Росгидрометтің тапсырысы бойынша жасалған. Ғарыштық аппарат күн райын болжау үшін ғаламдық гидрометеорологиялық және гелиофизикалық ақпаратты жедел алуға, жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі радиациялық ахуалды болжауға және бақылауға, жердегі бақылау метеоплатформаларынан мәліметтер алу мен жинауға арналған.

"Метеор-М" ғарыштық аппаратымен бір кластерде "Стерх", "Татьяна", УГАТУСАТ, ЗА-220 (ZA-002), "ИРИС" (IRIS) атты бес шағын ғарыштық аппарат ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны