30.09.2009, 14:08 3400

Байқоңырдан "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны пилотты "Союз ТМА-16" кораблін алып, табысты ұшырылды

Байқоңырдан "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны пилотты "Союз ТМА-16" кораблін алып, табысты ұшырылды

Байқоңыр. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны пилотты "Союз ТМА-16" кораблін алып, табысты ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астана уақытымен сағат 13.14-те Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны пилотты "Союз ТМА-16" кораблін алып, табысты ұшырылды.

Корабль Халықаралық ғарыш станциясына Максим Сураев (Роскосмос), Уильямс Джеффри (НАСА) мен Канадалық ғарыштық турист Ги Лалибертені жеткізеді.

"Союз ТМА-16" кораблі Жердің жасанды серігі орбитасына шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны