14.09.2007, 18:37 3231

Байқоңырдан "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды

Байқоңырдан "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды.

БАЙҚОҢЫР. 14-қыркүйек. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" - Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды. Бұл туралы "Байқоңыр" Федералдық ғарыш агенттігінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 1 алаңнан Астана уақыты бойынша 17.00 "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды. Баспасөз қызметіндегілер, зымыран тасымалдағышын ұшыру алдындағы дайындық пен ұшыру кешені кестеге сәйкес жүргізілгендігін, және де тура белгіленген уақытта штаттық режимде ұшырылғандығын, нақтылап өтті.

Жер серігінің екі апталық ұшу кезінде 45 тәжірибе жүргізу жоспарланған. Ғылыми зертхана бортында өміршеңдігін зерттеу мен салмақсыздық жағдайындағы регенерациялық ахуалы , сулы ортада ғарышқа ұшу факторларының әсер етуі мен басқа да жайттар зерттелетін 12 монғол құмтышқаны, сондай-ақ балықтар, кесірткелер, ұлудар, жібек құрттары, жәндіктер бар.

Естеріңізге сала кетейік, Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 650 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны