08.05.2009, 09:24 1175

Байқоңырдан "Союз-У" зымыраны "Прогресс М-02М" жүк тасымалдаушы кемесімен табысты ұшырылды

Байқоңырдан "Союз-У" зымыраны "Прогресс М-02М" жүк тасымалдаушы кемесімен табысты ұшырылды

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңының №5 ұшыру қондырғысынан 8 мамырда Астана уақытымен сағат 00.37-де "Союз-У" зымыраны "Прогресс М-02М" жүк тасымалдаушы кемесімен табысты ұшырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жүк кораблі көрсетілген орбитаға шығарылды. "Прогресс М-02М" жүк кораблі мен Халықаралық ғарыш станциясы ағымдағы жылдың 12 мамырында мәскеу уақытымен сағат 23.12-де түйіседі деп жоспарланған.

"Прогресс М-02М" кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және ғылыми жабдық жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны