29.06.2007, 17:08 2953

Байқоңырдан "Зенит-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 29-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Зенит-М" зымыран тасығышы"Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым Астана уақытымен сағат 16-да белгіленген мерзімде жүзеге асырылды. "Ресейдің қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен "Космос" сериялы жер серігі тірек орбитаға шығарылды, таяу уақыттарда тапсырыс иесіне өткеріп беріледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Феералдық орталықтың түсініктемесіне сәйкес, ұшырылымға дайындықтарды Халықаралық "Космотрас" ғарыштық компаниясы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігімен ықпалдаса іске асырды.

Осы орайда еске сала кетсек, "Зенит-М" зымыран тасығышының "Космос" ғарыштық аппаратымен бірге ұшырылымы бұған дейін 45-ші алаңнан 2006 жылдың желтоқсаны мен 2007-жылдың қаңтарында екі мәрте кейінге шегерілген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "алдағы ұшырылым өзінің құрылымы жағынан "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасымен ұшырылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышына ұқсас "Зениттің" алғашқы ұшырылымы болмақ. Бұған дейін Байқоңырдан көнерген аналог жүйесіндегі басқарумен және басқа қозғалтқыш қондырғысы бар "Зенит-2" зымыраны ұшырылған. "Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығыштың бір басты ерекшелігі - ол екі сатылы", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны