11.12.2006, 18:40 2633

Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды

БАЙҚОҢЫР. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, Ресейдің "Космос" тобындағы ғарыштық аппараттарын алып ұшады делінген "Зенит-2М" зымыран тасығышын ұшыру бұған дейін 2006-жылдың 16-желтоқсанына межеленсе, енді бұл мерзім 2007-жылдың 17-қаңтарына дейін шегерілді.

Ал 21-желтоқсанда ұшырылады деп жоспарланған Францияның "Korot" астрофизикалық зерттеулерге арналған жер серігін алып ұшатын "Союз-2" зымыран тасығышы алдын-ала болжаммен 26-27-желтоқсанда аспан кеңістігіне бет алады деп күтілуде.

"Ұшырылымдарды кейінге қалдыру зымыран тасығыштар мен ұшырылым кешендерін техникалық тұрғыда мейлінше мұқият дайындау мақсатынан туындап отыр",- деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны