24.09.2007, 18:26 2813

Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді.

Байқоңыр. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" . - Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Төретам станциясына Самарадағы "ЦСКБ-Прогресс" зауытында жасалған "Союз-ФГ" зымыраны тиелген вагондар келіп жетті.

Қазір кедендік рәсімдеу шаралары жүргізілуде, бұдан кейін зымыран тасығыш тиелген вагон 112 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, бұл жерде зымыран тасығыштың блоктары мен сатылары бар контейнерлер сақтауға қойылады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипажды "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен жеткізетін "Союз-ФГ" зымыран тасығышын құрастыру және ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылдың басына межеленген.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын 2008 жылғы көктемде ұшыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны