24.12.2008, 15:10 1470

Байқоңырға 2009 жылғы наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-14" ғарыш кемесі жеткізілді

Байқоңырға 2009 жылғы наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-14" ғарыш кемесі жеткізілді

Байқоңыр. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға 2009 жылғы наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-14" ғарыш кемесі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан шыққан темір жол құрамы бүгін Төретам темір жол бекетіне келіп, ғарыш айлағына ғарыш кемесін жеткізді.

Тиісті кедендік процедуралардан өткеннен кейін құрам ғарыш айлағының ішіндегі темір жол тармағына көшіріліп, ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі.

Халықаралық ғарыш станциясының пилотты бағдарламаларының аясында 16 желтоқсанда ғарыш айлағына "Союз ФГ" зымыран тасығышы жеткізілген болатын.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышы 19-шы негізгі экспедицияның экипажы мінген "Союз ТМА-14" пилотты ғарыш кемесін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.

Пилотты ұшырылым 2009 жылдың наурызына жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны