04.01.2008, 16:58 2921

Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді

Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді

Байқоңыр. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген Ресейдің "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыштық аппарат бүгін "Юбилейный" әуежайына ИЛ-76 жүк ұшағымен жеткізілді.

"Қазір "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппаратын қосымша жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізу үшін тасымалдағышқа тиелуде, онда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіледі", - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл апарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 23 қаңтарда ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны