27.05.2009, 10:24 1203

Байқоңырға АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңырға АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағының "Юбилейный" әуежайына 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 10.10-да Ан-124 "Руслан" ұшағы АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігін жеткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кедендік процедуралардан кейін жер серігі 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, ол жерде аппарат ұшырылымға дайындалады.

"Протон-М" зымыраны "Бриз-М" үдеткіш блогымен және АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігімен бірге 2009 жылдың шілде айының басында ұшырылады деп жоспарланған.

Sirius FM5 аппаратын "Лорал" (Space Systems Loral) компаниясы АҚШ-тың "Сириус-Радио" (Sirius XM Radio Inc) операторының тапсырысы бойынша LS-1300 платформасының негізінде жасап шығарған. Жер серігі телекоммуникациялық қызмет көрсетіп, геостационарлық орбитада 15 жыл жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны