06.04.2009, 11:17 1421

Байқоңырға халықаралық "Спектр-Р" астрофизикалық обсерваториясын "Зенит-3М" зымыран тасығышымен ұшыруға арналған "Фрегат-СБ" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға халықаралық "Спектр-Р" астрофизикалық обсерваториясын "Зенит-3М" зымыран тасығышымен ұшыруға арналған "Фрегат-СБ" үдеткіш блогы жеткізілді

Алматы. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Ан-124 "Руслан" ұшағымен халықаралық орбиталық "Спектр-Р" астрофизикалық обсерваториясын "Зенит-3М" зымыран тасығышымен ұшыруға арналған "Фрегат-СБ" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қажетті кедендік процедуралардан кейін үдеткіш блок пен қосалқы жабдықтар ғарыш айлағының №31 алаңына жеткізілді, бұл жерде үдеткіш блок сынақтардан өткізіледі.

Бірінші кезеңде "Зенит" зымыраны мен үдеткіш блок ғарыш айлағының №45 алаңына кешенді сынақтар үшін ұшырылым кешеніне жай шығарылады. Кешенді сынақтар барысында үдеткіш блоктың толық циклды сынақтары өткізіліп, ол ұшырылымға дайындалады.

Ал "Зенит-3М" зымыран тасығышы, "Фрегат-СБ" үдеткіш блогы мен "Спектр-Р" обсерваториясының тікелей дайындықтары 2009 жылдың екінші жартысында іске асырылады. "Спектра-Р" обсерваториясы 2009 жылдың аяғында ұшырылады.

"Фрегат-СБ" - Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінде дайындалған "Фрегат" үдеткіш блоыгының жаңа модификациясы. Үдеткіш блок базалық модельден отын құятын қосымша ыдыстардың болуымен ерекшеленеді. Олар босаған кезде бөлініп отырады. Қосымша бактарды орнату үдеткіш блоктың көмегімен орбитаға шығарылатын пайдалы жүктің салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Үдеткіш блок "Союз" және "Зенит" зымырандарында пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны