19.08.2009, 16:07 1473

Байқоңырға Канаданың байланыс жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға Канаданың байланыс жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Байқоңырға Канаданың Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігін мақсатты орбитаға шығару үшін пайдаланылатын "Протон-М" зымыран тасығышының төртінші сатысы ретінде қолданылатын "Бриз-М" үдеткіш блогы кеше Байқоңырға ұшақпен жеткізілді.

Үдеткіш блок пен қосалқы жабдықтар тиелген контейнерлер түсіріліп, кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін "Юбилейный" әуежайынан №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда ол дербес сынақтар жүргізілетін стендке ортанылды, онда үдеткіш блоктың ұшырылымға дайындығы жүргізіледі. Көрші алаңда ғарыштық апппаратқа қатысты жұмыстар басталуда. Сонымен бірге монтаж-сынақ корпусында "Протон-М" зымыран тасығышының үш сатысын құрастыру жұмыстары мен тест сынағы жүргізілуде.

Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігі "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге 2009 жылдың 18 қыркүйегінде ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны