29.10.2008, 17:12 2943

Байқоңырға Канаданың Ciel-2 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға Канаданың Ciel-2 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Канаданың Ciel-2 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың желтоқсан айында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны