22.08.2008, 16:48 2750

Байқоңырға Канаданың Nimiq-4 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңырға Канаданың Nimiq-4 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңыр. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Канаданың Nimiq-4 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі

М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ғарыштық аппарат пен оған қосымша жабдықтарды "Юбилейный" әуежайына Ресейдің "Полет" әуекомпаниясы АН-124-100 "Руслан" ұшағымен жеткізді. "Полет" әуекомпаниясы Федералдық ғарыш агенттігі тағайындаған тасымалдаушы болып табылады және ол ірі көлемді әрі стандарттан тыс жүктерді тасымалдауға мамандандырылған.

Ғарыштық аппарат ұшақтан түсірілген соң тиісті кедендік рәсімдеуден өтіп, қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, ол жер аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

"Таяу уақыттарда жер серігі таза залға қойылып, жұмыс орнына орнатылып, ұшырылымға дайвндала бастайды. Ғарыштық аппаратқа қатысты жұмыстарды EADS Astrium (Nimiq-4-ті жасаушы) мамандары жүргізеді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жер серігін орбитаға шығаратын "Протон" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы Байқоңырға бұдан бұрын жеткізілген.

Қазір М. Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран мен үдеткіш блокты дайындап жатыр.

Алдағы ұшырылым International Launch Services (ILS) пен Канаданың спутниктік байланыс операторы Telesat Canada арасындағы шарт бойынша жүзеге асырылады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан Telesat Canada тапсырысымен осымен бірнеше канадалық жер серігі ұшырылды: 1999 жылдың 21 мамырында "Протон-К" зымыраны Nimiq 1 ғарыштық аппаратын, 2002 жылдың 30 желтоқсанында - Nimiq 2 ғарыштық аппаратын алып ұшты. Бұдан кейін конструкциясы жағынан Nimiq ғарыштық аппаратына жақын болып келетін Anik F1R аппараты - 2005 жылы және Anik F3 - 2007 жылы ұшырылды. 2009 жылы "Протон-М" зымыран тасығышы кезекті Nimiq 5 сериялы аппаратын алып ұшады.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Nimiq 4 жер серігі тамызда ғарыш айлағына жеткізілмек. Оны алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың қыркүйек айының ортасында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны