18.08.2009, 16:54 2686

Байқоңырға Канаданың Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңырға Канаданың Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңыр. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Байқоңырға Канаданың Nimiq-5 телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ғарыштық аппарат пен оған қосымша жабдықтар "Юбилейный" әуежайына АН-124-100 "Руслан" ұшағымен жеткізілді. Ғарыштық аппарат ұшақтан түсірілген соң тиісті кедендік рәсімдеуден өтіп, қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, ол жер аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

Жер серігі "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге 2009 жылдың 18 қыркүйегінде ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны