28.07.2008, 17:26 3139

Байқоңырға Малайзияның Measat-1R жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға Малайзияның Measat-1R жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Малайзияның Measat-1R жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілде күні Төретам станциясына Днепропетровскіден (Украина) теміржол құрамы келіп жеткен. Ол ғарыш айлағына Украинаның "Южмаш" өндірістік бірлестігі дайындаған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын жеткізді. Ол Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ғарышқа шығару үшін жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны