16.01.2008, 17:37 3050

Байқоңырға Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңыр. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын ұшыратын "Бриз-М" үдеткіш блогы Ресейдің "Полет" әуе компаниясының "АН-124-100" ұшағымен жеткізілді.

"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны