24.07.2008, 18:38 2834

Байқоңырға пилотты және жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі бірдей "Союз" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға пилотты және жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі бірдей "Союз" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға пилотты және жүк корабльдерін ұшыруға арналған екі бірдей "Союз" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самарадағы "Прогресс" зауытынан шыққан темір жол құрамы бүгін Төретам темір жол бекетіне келіп, ғарыш айлағына екі "Союз" зымыран тасығышын жеткізді.

"Тиісті кедендік процедуралардан өткеннен кейін құрам ғарыш айлағының ішіндегі темір жол тармағына көшіріліп, ғарыш айлағының №112 алаңына жеткізіледі", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екі зымыран да күзде пилотты бағдарламалар бойынша ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған.

"Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-65" транспорттық ғарыш кораблін ұшыруға дайындалады. Жүк таситын "Прогресс" алдын-ала 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.

Ал "Союз-ФГ" зымыран тасығышы 18-ші негізгі экспедицияның экипажы мінген "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.

Пилотты ұшырылым 2008 жылдың 12 қазанына жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны