12.02.2007, 16:32 3009

Байқоңырға "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағына "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі жеткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федеральдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен.

"Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі бүгін таңертең Королев зауытынан теміржол көлігімен жеткізілді. Қазіргі уақытта кедендік рәсімдеу процедуралары жүргізіліп жатыр, рәсімдеу жұмыстары аяқталған кейін ғарыш аппараты мен қосымша құралдар тиелген вагон 254-ші алаңның монтаждау-сынақ корпусына әкелінеді, онда ғарыш аппараты контейнерлерден арнайы стендке түсіріледі",-деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бір жарым ай ішінде, арнайы кестеге сәйкес, ғарыш айлағының мамандары "Союз ТМА-10" ғарыш кемесін ұшыруға дайындайды. Сонымен қатар, ғарыш айлағына ақпанның басында әкелінген "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы 112-ші алаңының монтаждау-сынақ корпусында ұшыру дайындығынан өтеді.

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы "Союз ТМА-10" ғарыш кемесімен бірге құрамында ғарышкер Федор Юрчихин мен Олег Котов (Ресей), сонымен қатар ғарыш саяхатшысы Чарльз Шимони (АҚШ) бар 15-ші негізгі экипажды Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшады, ұшырылым 2007 жылдың 9 сәуіріне жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны