11.08.2006, 11:50 2860

Байқоңырға таяу жерден "БелКА" ғарыштық аппаратының бөлшектері табылды

БАЙҚОҢЫР. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Байқоңырға таяу жерден "БелКА" ғарыштық аппаратының бөлшектері табылды. Бұл ақпаратты Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығындағылар растады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-шілдеде 1 сағат 43 минутта РС-20 "Днепр" зымыраны бір топ ғарыш аппаратын алып ұшты. Оның ішінде Беларусь елінің "БелКА" жер серігі де болан. 73-ші секундта зымыран құлап қалды.

"Днепр" зымыран тасығышы ұшыру алаңынан 150 шақырымдай жерде Жаңақала ауылының маңынан табылды. Зымыран құлаған жерде диаметрі 50 метр, тереңдігі 10 метрлік шұңқыр түзілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны