20.10.2009, 17:54 4931

Байқоңырға W7 ғарыштық аппараты жеткізілді

Байқоңырға W7 ғарыштық аппараты жеткізілді

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Байқоңырға W7 ("Дабл Ю 7") ғарыштық аппараты жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Южный" ғарыштық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат Астана уақытымен сағат 10.40-та Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Юбилейный" әуежайына Ан-124 "Руслан" ұшағы келіп қонды, ол ғарыш айлағына W7 ("Дабл Ю 7") ғарыштық аппаратын жеткізді.

Кедендік рәсімдеуден кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтары бар контейнер тасымалдаушы агрегатқа тиеліп, ғарыштық аппарат ұшырылымға дайындалатын 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді.

Ғарыштық мақсаттағы "Протон-М"зымыраны, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен еуропалық телекоммуникациялық W7 ("Дабл Ю 7") ғарыштық аппараты 2009 жылдың 18 қарашасында ұшырылады деп күтілуде.

W7 ("Дабл Ю 7") еуропалық телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын Еуропаның Alcatel Alenia Space концерні Spacebus-4000C4 тұғырнамасының негізінде жасап шығарған. Бастапқы салмағы 5,6 тонналық ғарыштық аппарат Ku-диапазондағы 70 транспондерді алып жүреді, олар алты шұғыламен Еуропа, Ресей, Африка, Таяу Шығыс пен Орталық Азия аумағында хабар таратады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны