12.02.2007, 18:49 2915

"Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран 2012-жылы ұшырылады

АЛМАТЫ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Байқоңырдағы "Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран 2012-жылы ұшырылады деп межеленген. Бұл туралы Ресейдің Хруничев атындағы ғарыштық орталығының басшысы Владимир Нестеров бүгін журналистерді құлағдар етті, длеп хабарлайды Kazakhstan Today Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

В.Нестеровтың айтуынша, алаңдағы алғашқы сынақ ұшырылымдар 2011-жылға межеленген. "Егер сынақтар 2011-жылы басталса, 2012-жылы "Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран ұшырылады", деді ол.

"Бәйтерек" жобасы бойынша "Ангара" ауыр зымыран-тасығышының негізінде ғарыштық-зымыран кешенін құру көзделген. "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешеніне ғарыштық аппараттарды дайындау мен сынақтарға арналған жұмыс орындары бар ұшырылым және техникалық кешені қамтылады. Бәйтеректе сонымен бірге өлшем кешені мен коммуналдық шаруашылық нысандары да енеді.

Ғарыш саласы мамандарының пікірінше, "Бәйтерек" жобасы ТМД аясында жүзеге асырылып жатқан ең ауқымды ғарыштық жобалардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны