12.06.2007, 17:57 2609

"Бәйтерек" зымыран кешенін құрудың бас жоспары таяудағы апталарда Ресеймен келісіледі - аэроғарыштық агенттіктің басшысы

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. "Бәйтерек" зымыран кешенін құрудың бас жоспары таяудағы апталарда Ресеймен келісіледі. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Таяу апталарда Ұлттық ғарыш агенттігімен келісілген және кешенді құру жөніндегі жобаға қатысушы Ресейлік ұйымдармен келісілген бас жоспар-кесте таныстырылады",- деді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, кешеннің эскиздік жобасын жасауда "жобаның бюджетін қалыптастыруда оны жүзеге асыруға қажетті қаржыға қатысты сұранымда күрделі қателік жіберілген". "Сонымен бірге "Бәйтерек" кешенін құрудың бас жоспар-кестесі жасалмаған, ал ондайға жол беруге болмайды, әрбір жобаның жоспар-кестесі болуға тиіс",- деді ол.

Өз кезегінде ҚР қаржы министрі Наталья Коржова былай деді : "2009-жылдан бастап "Бәйтерек" бағдарламасына жұмсалған қаржыны біз коммерциялық ұшырылымдарды жүзеге асырудан түскен кірістен алуға тиіспіз. Алайда, бүгінгі баяндамадан ұққанымыз, "Бәйтерек" бағдарламасына бөлінген қаржы жеткіліксіз, сол себепті бұл жобаның қашан аяқталатыны туралы мәселе көтеру қиын",- деді ол.

Министр уәкілетті органдарға бюджеттен бөлінген қаржыны жылдар бойынша қайтару кестесіне қатысты келіссөздер процессін бастауды ұсынды.

"Бұны түсіну үшін еліміздің ғарыштық әкімшілігі СІМ-мен бірлесіп коммерциялық ұшырылымдардың кестесі бойынша тиісті әкімшіліктермен келіссөздерге кіріскенін білу керек. Бұл ауқымды процедура және дүниежүзінде ғарыштық ұшырылымдар бірнеше жылға болашаққа есептеліп қойылған",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны