16.01.2009, 18:34 3204

Бюджет қаржысын орынсыз пайдалану жөніндегі қылмыстық іске Мұсабаевтың қатысы жоқ - Қазғарыш

Бюджет қаржысын орынсыз пайдалану жөніндегі қылмыстық іске Мұсабаевтың қатысы жоқ - Қазғарыш

Алматы. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бюджет қаржысын орынсыз пайдалану жөніндегі қылмыстық іске Талғат Мұсабаевтың қатысы жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Время" газеті журналистерінің "Кто пойдет на посадку?" атты мақаласының тапсырыспен жазылған сипаты айқын көрініп тұр. "Мақаланы дақпырттардан бастаған олар бірден Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының жеке басына бірден дүрсе қоя беру арқылы оның атымен "қалың оқырман қауымның назарын тартып алуды мақсат еткен". Сенімдірек болу үшін олар тіпті өздері ойлап тапқан баспасөз хатшысының түсініктемесін де қосақтап жіберген. Авторлар тіпті ҰҚК құжаттарында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі туралы емес, бұрын "Қазғарыш" брендін пайдаланып келген "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы жайлы сөз қозғалып отырғанын парықтап та жатпаған", - делінген ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны