20.09.2007, 14:34 2654

"Бриз-М" үдеткіш болгы құлаған аудандағы топырақтан алынған төрт сынамада гептилдің мөлшерден артық екендігі анықталды

"Бриз-М" үдеткіш болгы құлаған аудандағы топырақтан алынған төрт сынамада гептилдің мөлшерден артық екендігі анықталды.

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Бриз-М" үдеткіш болгы құлаған аудандағы топырақтан алынған төрт сынамада гептилдің мөлшерден артық екендігі анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Инфракос-Экос" МК мамандарының үдеткіш блок құлаған ауданда детоксикация жүргізгеннен кейін 18-қыркүйекте алған 16 сынамасының төртеуінде гептилдің мөлшерден артық екендігін көрсетіп отыр".

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, үдеткіш блок құлаған ауданда детоксикациялауды қайталап жүргізу туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ "Протон" зымыран тасымалдағышының бас бөлігі мен "Бриз-М" үдеткіш болгы, ғарыш аппаратының өтпелі бөлігі құлаған ауданда детоксикациялық шаралар одан әрі жалғасуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны