31.07.2006, 13:42 6735

"Днепр" зымыраны құлаған жердегі гептил концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. "Днепр" зымыраны құлаған жердегі улы заттардың концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. "Зымыран құлаған жерде зымыран отыны - гептилдің қатерлі концентрациясы анықталды. Оның мөлшері шектеулі шамадан мың есе артық болып шықты",- деп хабарлайды мекеме.

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. "Днепр" зымыраны құлаған жердегі улы заттардың концентрациясы шектеулі деңгейден мың еседей артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Зымыран құлаған жерде зымыран отыны - гептилдің қатерлі концентрациясы анықталды. Оның мөлшері шектеулі шамадан мың есе артық болып шықты",- деп хабарлайды мекеме.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-шілдеде 1 сағат 43 минутта Байқоңырдан "Днепр" зымыран тасығышы 18 ғарыш аппаратын алып ұшты. 73-ші секундта зымыран құлап қалды. "Зымыран-тасығыштың бірінші сатысының жұмысы аяқталар тұста тарту күші векторы штаттан тыс ауытқып, зымыранның ұшу бағыты өзгеріске ұшыраған. Соның салдарынан қозғалтқыш апатты жағдайда істен шығып, ұшырылым сәтсіз аяқталды. Ғарыштық аппараттарды алып ұшқан зымыран тасығыш еліміздің бір иен ауданына құлап, апат орнында ауқымды шұңқыр түзілді",- деп хабарлайды "Роскосмос" агенттігі.

Қазақстан жағы РС-20 "Днепр" зымыран тасығышының құлау зардаптарын зерттеу жөніндегі үкіметтік комиссияны құрды. Комиссия құрамына білім және ғылым, төтенше жағдайлар, ішкі істер министрлігі, ауылшаруашылығы, сыртқы істер министрлігі, қоршаған ортаны қорғау, экономика және бюджетті жоспарлау, әділет министрліктерінің өкілдері кірді.

Комиссияға апаттың медициналық-санитарлық, экологиялық және техногендік зардаптарын қысқа мерзімде анықтау, апаттың кері әсерлерін шектеуге бағытталған кезек күттірмес шараларға қатысты ұсыныстар дайындау, шағым түсіру үшін қажетті шығын көлемін анықтау, апаттың залал-зардаптарын жоюға қажетті шаралардың тізімі мен жүзеге асыру мерзімін анықтау тапсырылған.

Сенбі күні Астанада "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының өкілдерінің қатысуымен комиссияның кезекті жұмыс отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстан жағы "Ғарыштық нысандардан келген зардаптар үшін жүктелетін халықаралық жауапкершілік туралы конвенция" мен "Байқоңыр" ғарыш айлағында зымырандарды ұшыру барысында төтенше оқиғалар болған жағдайдағы ықпалдастық тәртіптері туралы Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы келісімге бағынатынын мәлімдеді. Кеңеске қатысушылар сонымен бірге апаттың зардаптарын жою жөніндегі бірлескен штаб құру және әріқарай жүзеге асырылатын шаралардың ретін келісу жөнінде шешім қабылдады.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының өкілдеріне апат зардаптарын жою жоспарларына қатысты, сондай-ақ, жоспарлы шараларға жұмылдырылған күш-құралдар жөніндегі ақпараттармен тез арада таныстыру ұсынылды. Ресей жағына апат зардаптарын бағалау актісін Қазақстан жағы тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін таныстыратыны хабарланды. Сондай-ақ, тараптар "Днепр" зымыранының құлау зардаптарын жою жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссияларының бірлескен отырысын тамыздың алғашқы онкүндігінде Астанада өткізуге уағадаласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны