01.08.2006, 17:23 2997

"Днепр" зымыраны құлаған жердегі топырақтың уытын қайтару бағдарламасында көп жылғы мониторинг ескеріледі - экологиялық зертхана директоры

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында РС-20 зымыраны құлаған жердегі топырақтың уытын қайтару бағдарламасында топырақ ахуалына көп жыл бойы мониторинг жүргізу ескеріледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының зертханасының директоры Юрий Перменев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір біз осындай бағдарламаның жобасын жасап жатырмыз. Онда 10 жылға есептелген мониторинг ескеріледі. Бағдарлама Ресейліктермен келісіле сала жүзеге асырыла бастайды",- деді Ю.Перменев.

Оның айтуынша, "гептилмен ластанған топырақтың уытын қайтару шараларының толық топтамасы бар. Қазір комиссия осыларды қолданудың сан алуан үлгілерін қарастырып жатыр".

Зымыранның металл сынықтары жинақталып бейтараптандырылуға, ластанған топырақ қабаты жылулық әдіспен залалсыздандырылуға, топырақты химиялық жолмен уытсыздандырумен бірге шұңқырдың жиектері көміліп, шұңқырдың өзі экологиялық таза топырақпен толтырылуға тиіс. Сонымен бірге оның пікірінше, топырақтың үстіңгі қабатын тотықтыру тәсілімен қосымша өңдеу керек. "Гептилдің құрамында сілтісі бар. Егер ол жердің бетіне шыға бастаған жағдайда бұл оны жердің бетінде залалсыздандыруға мүмкіндік береді",- деді ол.

Сонымен бірге Ю.Перменевтің пікірінше, шұңқырды жаңа топырақпен толтырғаннен кейін "жердің бүліген қабатын жел әсерімен эрозияға ұшыраудан қорғау шарасын жүзеге асыру қажет". "Ең бастысы, зымыран құлаған аумақтың айналасын арнаулы белгімен белгілеу дұрыс. Бұл жергілікті малшылар мен тұрғындарға аумақтың зияны болу мүмкіндігінен, хабар беретін болады",- деді зертхана төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны