31.07.2006, 10:27 6331

"Днепр" зымыранының құлау зардаптарын жою жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссияларының бірлескен отырысы тамызда өтеді

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. "Днепр" зымыранының құлау зардаптарын жою жөніндегі Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссияларының бірлескен отырысы тамыздың алғашқы онкүндігінде Астанада өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірлескен отырысты өткізу туралы шешім РС-20 (Днепр) зымыранының құлау зардаптарын жою және оны зерттеу жөніндегі республикалық үкіметтік комиссияның жиналысы барысында қабылданған болатын. Отырысқа "Байқоңыр" Федералдық ғарыштық орталығының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің орынбасары Болатбек Қуандықов Ресейлік өкілдерге өз іс-әрекеттері барысында комиссияның "Ғарыштық нысандардан келген зардаптар үшін жүктелетін халықаралық жауапкершілік туралы конвенция" мен "Байқоңыр" ғарыш айлағында зымырандарды ұшыру барысында төтенше жағдайлар болған жағдайдағы ықпалдастық тәртіптері туралы Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы келісімге бағынатынын хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны