03.06.2016, 15:23 185240

Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыӊғай тестілеу өтті

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыӊғай тестілеу өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханныӊ бірінші күнініӊ қорытындысы бойынша екі түлек - қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейініӊ және №15 мектеп-лицейініӊ оқушысы еӊ жоғары балл (124) жинаған, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соныӊ ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.

Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заӊ университетінде өтіп жатыр.

Еске салайық, Ұлттық бірыӊғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны